#Шу: Оразалы ауылында жаңа хатымханының ашылу кеші орын алды

#Шу: Оразалы ауылында жаңа хатымханының ашылу кеші орын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оразалы ауылында жаңа хатымхананың ашылу салтанаты ел көңілін көтерген ерекше рухани шараға айналды.

Салтанаты шараға «Жәми» мешітінің наиб имамы Ерғазы Ақпанов жамағат алдында өнегелі уағыз айтып, ел бірлігін, дәстүр сабақтастығын сақтау мен рухани құндылықтарды ұлықтаудың маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында ауыл тұрғындарына кең жайылған ақ дастархан ұсынылып, қонақтар дәстүрлі ас мәзірінен дәм татты. Ұлттық өнерді дәріптейтін күмбірлеген күй төгіліп, халықтың рухын асқақтатты. Көпшілік жаңа хатымхананың қызыл лентасын қию рәсіміне қатысып, нысанның ауылға қызмет ететін игілікті мекеме боларына сенім білдірді.

Ауыл ақсақалдары мен ақжелең аналар да баталарын беріп, жаңа нысанның құтты әрі берекелі болуын тіледі. Оразалы ауылы үшін бұл күн — рухани жаңғырудың, бірлік пен берекенің көрінісі ретінде есте қалды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: