#Шу: Оразалы ауылы «Оразалы ата» мешіті зерделенді

#Шу: Оразалы ауылы «Оразалы ата» мешіті зерделенді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты Оразалы ауылындағы «Оразалы ата» мешітіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев өңірге арнайы барып, мешіт жамағатымен жүздесіп, діни нысанның ішкі және сыртқы тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты.

Сапар барысында имам мешіт аумағында бой көтеріп жатқан Хатымханалардың құрылысын қадағалап, жұмыс барысына назар аударды. Жергілікті ақсақалдармен жүздесу кезінде Алмас Кенжемолдаев дәстүр сабақтастығы, отбасы құндылықтары мен қоғамдағы рухани тәрбиенің маңызы жайында мазмұнды уағыз айтты.

Ауыл тұрғындары бұл кездесуді жылы қабылдап, жаңа құрылыс жұмыстарының уақытылы әрі сапалы аяқталарына сенім білдірді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: