Қоғамымызға аса қауіп – қатер төндіретін діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресу-әрбір қазақстандықтың басты міндеті. Оған қарсы шараларды үздіксіз жүргізіп келетін ұйымдардың бірі бұл – мешіт ұжымы. Сондықтан Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылы "Бейсеу ата" мешітінің молдасы Ермухамбет Берсүгір мешітке жиналған жамағатқа "Діни ағымдардан аулақ болайық!" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Қазіргі күнде мұсылман қауымының арасында, тіпті бір отбасындағы екі ағайынды жік – жікке бөлініп, бірін – бірі кәпір санап, алакөзбен қараушылық белең алып отырғандығын ашына айтқан наиб имам әскери қызметшілерге такфиршілік, хизбутшылық, құраншылық және уаһабшылық сияқты неше түрлі жат ағымдардан сақ болуға шақырды. Сонымен қатар осылардың ішіндегі ең қауіптісі деструктивті ағым екені, ол тіпті бір отбасыны ішінара бір – біріне қарсы қойып, мұсылман жастарды ақиқат жолынан адастырып, әке – шешесімен, туған бауырларымен арпалысуға, қарсы тұруға әкеп соғатын әдістерді қолданылатындығы егжей – текжей түсіндірілді.
Өзге жат ағымдар арқылы елімізге қатер төндіретін терроршылардың жастарымыз дайын қол шоқпарына, дайын қаруына айналмауы үшін жаппай күресуді тоқтатпауды өтінді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


02 Желтоқсан 2025
11 Джумада-сани 1447

