ЖАМБЫЛ: ИМАН НЕГІЗДЕРІ ДӘРІСІ - МАҢЫЗДЫ

ЖАМБЫЛ: ИМАН НЕГІЗДЕРІ ДӘРІСІ - МАҢЫЗДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев мешіт  шәкірттеріне "Иман негіздері" дәрісін апта сайын үздіксіз үйретіп келеді. Ислам діні ақида мен шариғаттан тұрады. Ал енді Ислам ақидасы және оның негізі — Алла тағалаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақирет күніне, тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіру.

Бұл негіздер Құран Кәрім мен хадистерде көрсетілген. Ұстаз құлшылыққа құлшыныс беретін иманның қасиетін жетік түсінуге жетелеп, иман негіздерінің шариғаттың іргетасы екенін әр дәріс сайын түсіндіріп үйретіп келеді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: