Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев жамағатқа "Дін және жастар" тақырыбында сұхбат берді. Сонымен қатар жастарға деструктивті ағымдар туралы мағлұмат беріп, зардаптарына тоқталды.
Діни экстремизмнің ең осал зияны, ол тіпті бір отбасыны ішінара бір – біріне қарсы қойып, мұсылман жастарды ақиқат жолынан адастырып, әке – шешесімен, туған бауырларымен арпалысуға, қарсы тұруға әкеп соғатын әдістерді қолданылатындығы егжей – текжей түсіндірілді. Өзге жат ағымдар арқылы елімізге қатер төндіретін терроршылардың жастарымыз дайын қол шоқпарына, дайын қаруына айналмауы үшін үгіттеу мен діни сауаттылыққа тартуды тоқтатпауды өтінді.
Ұстаз еліміздің тыныштығы үшін өздерінің салмақты үлестерін қосып жатқан түрлі мамандық иесі жастарға діни экстремизмнің зияндылығын, әсіресе бұл індет жастардың өмірін ойрандап, болашағына балта шауып жатқандығын түсіндірді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


02 Желтоқсан 2025
11 Джумада-сани 1447

