ЖАМБЫЛ: АРАҚ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ЗАТТАР

ЖАМБЫЛ: АРАҚ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ЗАТТАР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылы "Тұрыс" мешітінің имамы Бауыржан Досмұхамедов мешітке келген жамағатқа "Арақ және басқа зиянды заттар" тақырыбында уағыз- насихат айтып, халықты жақсылыққа шақырды.

Дініміздегі тиым салынған нәрселердің бірі – ішімдік. Жалпы ішімдік атауы ішуге болатын барлық сұйық заттарды білдіргенімен, дініміз бен дәстүрімізде бұл атау ішуге болмайтын, мас қылатын сұйық заттарға қатысты қолданылады.

Халқымыздағы: "Арақ – атаңнан қалған ас емес", "Арақпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым де", "Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені, ұлың арақ ішсе – ырысыңның кеткені" – делінген ұлағатты сөздерде біздер үшін үлкен тәлім бар.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: