ЖАМБЫЛ: НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

ЖАМБЫЛ: НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы "Бесағаш" мешітінде Өрнек ауылы Рәпілбек мешітінің молдасы Маулен Ибрагимов мешітке жиналған жамағатқа "Нашақорлық зардаптары" тақырыбында уағыз- насихат айтты.

Есірткіні қолданудың және оған кіріптар болудың зардабы сол: кейін одан құтылу мүмкін емес. Бұған көбінесе жасөспірімдер бейім, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең екен.

Қоғам өркендеп адам ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт пен кесел де көбеюде. Өкiнiштiсi сол, қарап отырсаңыз осындай ем қонбайтын кеселдi адамдар өздерi ойлап табады.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: