Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылы, "Бірлесу-Еңбек" мешітінің молдасы Сакен Джолдасбеков мешіт жамағатына "Ихсан ұғымы" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Ихсан – Алланы көріп тұрғандай шынайы құлшылық ету, егер олай ете алмаса, Алла оны көріп тұрғанын сезіне отыра құлшылық жасау.
Мұсылман өзін Алланың көріп те, естіп те тұрғанын біледі. Сондықтан Аллаға ұнамайтын нәрселерді тыңдамайды және қарамайды.
Егер сен Исламның тірегі болған 5 парызыңа, иманыңның 6 негізіне амал етуді тек қана бір Аллаға ұнау үшін, бір Алла сені үнемі көріп тұрғандай жасамасаң, бәрі де бос әурешілік болып қалады. Демек ихсан адамды өзін- өзі тануға, өзін- өзі бақылауға, жеке тұлға болып қалыптасуына, өзін басқара алуға үйрететін рухани тәрбие жүйесі.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



02 Желтоқсан 2025
11 Джумада-сани 1447

