ЖАМБЫЛ: СУИЦИД - ҚОҒАМ ДЕРТІ

ЖАМБЫЛ: СУИЦИД - ҚОҒАМ ДЕРТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев мешітке жиналған  жамағатқа қазіргі таңда әсіресе жастар арасында белең алып бастаған рухани дерт "Суицид - қоғам дерті" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Өмір болған соң адамның ішкі жан дүниесінде үлкен күйзелістер болмай тұрмайды.

Осындай қауіпті кезеңдерде олардың жан дүниесін түсініп, адамды тығырықтан шығар жол сілтейтін жақыны болуы керек-ақ. Бұлай дейтініміз, бүгіндері көптеген ата-ана күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, баласында қандай проблемалардың туындағанын, көңіл күйі қандай екендігін білмейді, оған арнайы уақыт бөле алмайды, тіпті бас ауыртпайтындары да кезігеді. Осындайда балалар ішкі күйзелісін ешкімге айта алмай, булығып, тығырықтан шығар жол таба алмай, онымен тек өзі ғана арпалысады.

Ақыры осындай өкінішті жайтқа әкеп соғады. Көпшілікті алаңдатып отырған «суицид» деп аталатын осы дерттің, еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдерін жағалауы - елді алаңдатарлық жайт.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: