Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына барған жұмыс сапарында баспанаға аса мұқтаж бірқатар азаматқа пәтер кілтін табыстады.
Бас мүфти ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында жалғыз басты аналар – Гүлмира Болатханқызына, Әсел Әбутәліпқызына баспана кілтін берді. Сондай-ақ осы жоба аясында қызметтік баспана Қордай ауданы Отар ауылының имамы Рахат Рахымбердиевке бұйырды.
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баспаналы болған жандарға ізгі ниетін білдіріп, батасын берді. Сонымен қатар игі бастамаға үлес қосқан өңір имамдарына алғысын жеткізді.







28 Қараша 2025
7 Джумада-сани 1447

