Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Тараз қаласында «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің шәкірттеріне арнайы дәріс оқыды.
«Біздің ғұламалардан қалған мынадай сөз бар: «Ғалымға ілім тек жас кезінде ғана беріледі» деген. Жастық шақ – адам баласының ең тартымды әрі ең белсенді кезеңі. Өмірдің шыңы, қайрат-жігерге толы, жалындаған шақ. Тепсе темір үзер күш-қуаты тасып тұрған тәуекелге толы кезең. Сондықтан осындай алтын кезеңді білім алуға, ізденуге арнаған абзал.
Мағжан атамыздың сөзімен айтқанда, жастық шақ арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты болатын уақыт. Иә, қарап отырсақ, бойына имандылықты сіңірген бабаларымыз жасынан ерте есейіп, елдің ертеңін ойлады. Бірін-бірі жігерлендіріп, бір-біріне жақсылықта жаршы бола білді. Сіздер де бабалар жолын жалғаған тұлға болуларыңыз керек» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.













28 Қараша 2025
7 Джумада-сани 1447

