БАС МҮФТИ ТАРАЗДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН, СТУДЕНТТЕРМЕН СҰХБАТТАСТЫ

БАС МҮФТИ ТАРАЗДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН, СТУДЕНТТЕРМЕН СҰХБАТТАСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына барған сапарында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде зиялы қауым өкілдерімен, аталған оқу орында білім алып жатқан студенттермен кездесті.

Басқосуда Бас мүфти мүфтияттың діни салада түрлі бағытта атқарып келе жатқан жұмыстары жайлы баяндай келе, қоғамда отбасы құндылығын насихаттау, жастарды имандылыққа тәрбиелеу, білім алу мен рухани бірлікті нығайтудың маңызы жайлы айрықша атап өтті.

«Қазіргі таңда біз жаңа заманның жаңа сын-қатерлерімен бетпе-бет келіп отырмыз. Дін дұшпандары енді ашық соғыс жүргізбейді. Олардың әдістері басқаша. Дініміз бен дәстүрімізге сай келмейтін теріс идеологиялық көзқарастарды тарату арқылы мұсылмандардың ішкі алауыздығын тудыруға тырысуда. Біздің құндылықтарымызды өзгертуге, сан ғасырдан бері қалыптасқан салт-дәстүрімізді бұзуға, Ислам болмысын әлсіретуге ұмтылуда.

Асыл дініміз мұндай сын-қатерлерге қарсы тұрудың нақты жолдарын да көрсетеді. Мұндай сәтте ең әуелі дініміз бен дәстүрімізді берік ұстануымыз қажет. Білім алып, ғылым саласында жаңа белестерді бағындыруымыз керек. Сондай-ақ қоғамның пікір қайшылығына жол бермеген жөн. Келіспеушілік қашан да жеңіліске әкеп соғатыны тарихтын белгілі. Мұсылман үмбеті өзара таласқан сайын олардың рухтары түсіп, күш-қуаты азаяды» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесуде зиялы қауым өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелер жайлы пірірін айтса, студенттер Бас мүфтиге көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.












 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: