Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.
Сапар барысында Бас мүфти өңір имамдарына насихат айтып, ізгі істерде белсенді болуға шақырды.
«Расында, Алланың дінін таратып, халықты имандылыққа шақыруда ыждағатты болу – дін қызметкеріне тән ізгі іс. Алланың құзырында жасайтын құлшылығымыз бен дұғаларымыздың қабыл болуы Оған деген шынайы сенім мен ізгі амалдарды ықыласпен орындап, ыждаһат танытуымызға байланысты. Осы ретте баршаңызды діни саладағы жұмыстарды ерекше ықыласпен, ыждағатпен, жауапкершілікпен орындауға шақырамын.
Осы орайда сіздерді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, баршаңызға екі дүниенің игілігі мен нығметін тілеймін. Алла Тағаланың дінін насихаттау жолындағы істеріміз баянды болғай» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Басқосудан кейін ҚМДБ Төрағасы аймақтағы ардагер имамдарды мүфтияттың 35 жылдық мерекелік медальмен марапаттап, игі тілегін жеткізді.

































28 Қараша 2025
7 Джумада-сани 1447

