Қордай: Мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

Қордай: Мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай өңірінде қасиетті айларға дайындық ерекше рухпен басталды. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасу ауылындағы «Әл-Хади» мешітінде имам Жәпеков Русланбектің бастамасы және ауыл азаматтарының қолдауымен кең көлемді жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мешіттің дауыс күшейткіштері жаңартылып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары толықтай іске асты. Жамағаттың еркін құлшылық жасауына жағдай жақсарып, Алла үйінің ажары бұрынғыдан да көркейе түсті. Сонымен қатар Рамазан айына арнайы қазан-ошақтар жеткізіліп, ізгі істерге дайындық қызу жалғастырылуда. Қасиетті айды ықыласпен қарсы алуға ниет еткен жандардың тілектері қабыл болып, жасаған жақсылықтары еселеп қайтсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: