Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде аудан бас имамы Тұрдыбайұлы Есет жамағатқа «ӘБУ ХАНИФА ЖӘНЕ ХАНАФИ ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ» тақырыбы бойынша тағылымды жұма уағыз-насихат айтты.
Имам Ағзам Әбу Ханифа бастаған ұлы ғалымдар мұсылман үмбетінің бірлігі мен татулығын сақтау жолында өз өмірін сарп етті. Олардың даналығы мен ілімі – шариғаттың шамшырағы, адамзатқа тура жол нұсқаған мәңгі мұра. Біздің де борышымыз – ата-бабамыз жүрген Ханафи мәзһабының сара жолын берік ұстанып, ілім мен иманды ұштастырып, бірлік пен бауырмалдықты өміріміздің өзегіне айналдыру.
Алла Тағала баршамызды шынайы іліммен нұрландырып, ғалымдарымыздың сара жолымен жүруді нәсіп еткей!-деп батасын берді бас имам.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


26 Қараша 2025
5 Джумада-сани 1447

