Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Қуаныш Досымжанұлының бастамасымен аудандық «Сұлтан» мешітінің жайнамаз кілемдері ауыстырылды.
12 жылға жуық уақыт төселген ескі кілемді шығарып, орнына рауда кілеміне ұқсас жаңа кілем жамағаттың жәрдемімен төселді. Жаңа кілем мешіт ішіне әдемілік пен жайлылық сыйлады. Бас имам жұма намазынан кейін жаңа кілемнің төселуіне себепші болған жомарт жандарға дұға қылып, алғысын білдірді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


04 Наурыз 2026
15 Рамадан 1447

