#Шу: Заң мен тәртіпті нығайту жөніндегі кеңейтілген жиын өтті

#Шу: Заң мен тәртіпті нығайту жөніндегі кеңейтілген жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт-Тоқаевтың “Заң мен тәртіп” қағидатын ілгерілету мақсатында аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлының төрағалығымен және Жамбыл облысы ПД бастығы Генерал-майор Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлының қатысуымен жиын өтті.

Аталған іс-шараға прокуратураның, ішкі істер органдарының қызметкерлері, Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдық кеңес төрағалары, ауылдық округтің имамдары қатысты.

Жиын барысында Қайсар Әбілекұлының Шу өңірінің тарихы, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті, қоғамдық тәртіп мәселелері туралы және аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұсақұлов Болат Аманұлының 2025 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды.

Мұнан кейін сұрақ-жауапқа кезек беріліп, аудан тұрғындары тарапынан қойылған түйткілді сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді. Жиын соңында заң мен тәртіп қағидатын басшылыққа алып, “Ішімдіксіз ауыл” жобасына үлес қосқан ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес пен ақсақалдар алқасының төрағалары Алғыс хатпен марапатталды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: