#Сарысуда салт пен иман сабақтастығы жаңғырды

#Сарысуда салт пен иман сабақтастығы жаңғырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

‎Жамбыл облысы, Сарысу ауданына қарасты «Әбу Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде ҚМДБ Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр – қарты бардың қазынасы бар» атты ұлағатты семинар-іс-шара өткізілді. Бұл басқосу — халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртып, оның дінмен сабақтастығын көрсетуге бағытталған тағылымды жиын болды.

‎Іс-шараға ауданымыздың елге сыйлы, көрген-көкжеңді апалары арнайы қатысып, жастарға өздерінің өмірлік тәжірибесінен, әдеп пен инабат жайлы кеңінен әңгіме шертіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет жайында өнегелі ойларымен бөлісті. Қазақы болмыстың қадір-қасиетін дәріптеген бұл жиын рухани байлықтың шырағын жағып, ұлттық мәдениеттің мәйегін сездірді.

‎Семинар барысында халқымыздың көнеден келе жатқан тұрмыс-салт дәстүрлері  іс жүзінде көрсетілді. Соның ішінде:

Бесікке салу

Тұсау кесу

Қан талапай ұлттық ойыны

Жүн түту,

Ұршық иіру,

Тоқыма тоқу,

Қонағын ақпен құрметтеп алдына шұбат, қымыз қойған қазағым, құрт жаю шеберлігінде жаңарған жастарға көрсетіп, ынтымақтың алды -бірліктете екенін жеткізді.

‎Бұл көріністер – халқымыздың тіршілігі мен тұрмысының, отбасы тәрбиесі мен аналық мейірімінің ғасырлар бойғы жалғасы екенінің дәлелі. Жиынға қатысқан нәзік жандылар қазақ дәстүрін сақтаудың маңызын айтып, оның әрбір әрекетінің астарында тәрбие, тағылым, иман, адамгершілік жатқанын атап өтті.

‎Мешіт қабырғасында өткен бұл тағылымды шара ел ішіндегі бірлікті, ұрпақтар сабақтастығын және ислам дінінің өнегелі құндылықтарын насихаттауға бағытталды. «Дін мен дәстүр» – бір-бірін толықтыратын, рухани байлығымызды құрайтын қос қазына екенін жиналған жамағат тағы бір мәрте сезінді.

‎«Дін мен дәстүр – қарты бардың қазынасы бар» атты бұл игі шара ұлттық болмысымызды ұлықтап, ұмыт бола бастаған салт-сананы қайта жаңғыртуға үлкен үлес қосты. Ұрпақ тәрбиесінде дін мен дәстүрдің ажырамас байланысы бар екенін жамағат терең сезінді. Осындай өнегелі кездесулер ел ішінде бірлік, сыйластық пен рухани тұтастықты нығайта түсетіні сөзсіз

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: