#Шу: Жас сарбаздармен тағылымды кездесу орын алды

#Шу: Жас сарбаздармен тағылымды кездесу орын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақсу шекара бөлімшесінде жас сарбаздардың рухани болмысын тереңдетіп, діни түсінігі мен танымын кеңейтуге бағытталған тағылымды басқосу өтті. Бұл шара жас буынның рухани иммунитетін күшейтіп, Отан алдындағы жауапкершілігін сезіндіруге арналды.

Жиынға арнайы шақырылған «Баласағұн» мешітінің имамы Байұзақ Жаманкеев қазіргі жастардың діни сауаттылығы мен рухани-танымдық тәрбиесінің маңызын айрықша атап өтті. Ол дәстүрлі құндылықтардың жас сарбаздардың бойында берік қалыптасуы қоғам тұрақтылығының кепілі екенін тілге тиек етті.

Имам өз сөзінде мемлекеттің қауіпсіздігі мен ел тұтастығы әр азаматтың саналы көзқарасына тікелей байланысты екенін айтып, жат ағымдардың белгілерін ажырату, оларға қарсы ой қалыптастыру жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жастарға ел ішінде ғана емес, ақпараттық кеңістікте де сақ болудың, әр ақпаратты сүзгіден өткізе білудің маңызын жеткізді.

Кездесу соңында жас шекарашылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазалаған мәселелеріне нақты әрі мазмұнды жауап алды. Бұл жиын жас сарбаздардың рухани сенімін нығайтып қана қоймай, олардың Отан қорғаудағы жауапты қызметіне жаңа серпін берді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: