Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай, әрі «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ауыл имам-молдалары арасында «Дін мен дәстүр – халық қазынасы» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Арнайы шараға ҚМДБ бекіткен Дін мен дәстүр бағытының Жамбыл облысы бойынша кураторы Ғарифулла Қуанышбекұлы, Байзақ аудандық билер кеңесінің төрағасы Исағали Бошқайұлы және Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы қатысып, сайысқа төрелік етті.
Білім додасына Байзақ ауданына қарасты бес аймақ мешіттерінен Жәннәт, Фирдаус, Раян, Ясин және Кәусар атты топтарды құраған ауыл имам-молдалары қатысты.
Сайыс нәтижесі бойынша:
І орын – «Кәусар» (30 000 тг);
ІІ орын – «Раиян» (25 000 тг);
ІІІ орын – «Ясин» (20 000 тг).
Жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларын төрешілер марапаттап, атқарып жүрген қызметтеріне береке тіледі.



26 Қараша 2025
5 Джумада-сани 1447

