Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылы "Бейсеу ата" мешітінің имамы Ермухамбет Байсүгір мешітке келген жамағатқа "Ислам - тұрақтылық кепілі" тақырыбында уағыз- насихат айтты.
Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлігі мен берекесі. Дана халқымыз «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді», – деп текке айтпаған. Ұлы Жаратушымыз Қасиетті Құранда: «Түп-түгел Алланың жібінен (дінінен) бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер», – деген (Әли Имран сүресі, 103 аят).
Ал сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.): «Мүміндер кірпіштерден қаланған бір ғимарат іспеттес» - дей отырып біздер үшін бірлік пен ынтымақтың қаншалықты маңызды екендігін өсиет еткен.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


24 Қараша 2025
3 Джумада-сани 1447

