Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев мешіт жамағатына "Ихсан - рухани ілім" тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Егер адам баласы ихсан ілімінің шынайы болмысын түсінсе, рухани құндылығы артып, иман байлығына күмәнсіз жетер еді. Алла Тағала аятта: «Ол Алла көктер мен жерді ақиқат бойынша жаратты. Ол сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Әрі қайтар жерлерің Оған қарай» (Тағабун сүресі, 3 аят) деген. Ихсан ілімі әуелі пенденің Аллаға деген итағатынан (бойсұну) басталады.
Адам баласының Аллаға деген ихсаны мынадай: алдымен иман келтіру, бұйырған амалдарын орындау, барлық тыйым салған нәрселерден аулақ болу, ізгі амалдарды арттыру. Алла Тағала: «Сондай-ақ иман келтіріп, салиқалы іс істегендердің сауапты жақсы амалдарының еңбегін жоймаймыз» (Кәһф сүресі, 30 аят) деп уәде еткен.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


24 Қараша 2025
3 Джумада-сани 1447

