Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев дәрістерінде сира сабағына аса мән береді. Жамағат та асқан ыждаһаттылықпен тыңдап, үйреніп жүр.
Дәрісте Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. а. у.) өмірі мен өнегесі жайлы кеңінен түсіндіріліп, сира ілімін білудің иманды күшейтетін, жүректі жұмсартатын, тағылым алуға жол ашатын артықшылықтары баяндалды.
Дәріс барысында жамағат көкейде жүрген сұрақтарын қойып, рухани тәрбие мен діни білім жөнінде пайдалы мәліметтер алды. Дәріс жамағаттың жоғары ықыласымен өтіп, уағыз соңында дұға жасалды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


24 Қараша 2025
3 Джумада-сани 1447

