Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылы, "Тұрыс" мешітінің имамы Бауыржан Досмұхамедов мешіт жамағатына "Жүрек дерттері" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Әрбір істі басқаратын орталық бар. Сол секілді адам баласының сана-сезімін басқаратын орталығы болады.
Оны жүрек деп атаймыз. Жүрек – иманға, ар-ұятқа, мейірімділікке ұяласа, адам баласының бойында имандылық, көркем мінез-құлық көрініс табады. Ал жүрекке күпірлік, қатыгездік мекен етсе, адам бойында имансыздық, ұятсыздық сынды теріс әрекеттер пайда болады. Сондықтан жүрек – жақсылық пен жамандықтың бұлағы.
Қасиетті Құран Кәрімде жүрек жайлы 132 жерде айтылады. Бұл біздерге жүректің маңыздылығын аңғартады. Сол үшін Жаратқан Алла Тағала адам баласының иманды яки имансыз болуының, таза яки күнәһар болуының басты себебін адам баласының жүрегінебайланысты екендігіне назар аудартады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


24 Қараша 2025
3 Джумада-сани 1447

