Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы мешіттен «Муфтият баспасы» бұрышын ашып, Муфтият баспасынан шыққан жаңа діни кітаптарды тізіп қойды.
Бұл мешіт жамағаты муфтияттан шыққан еңбектермен танысып біліп жүруі үшін ашылған болатын. Сонымен қатар, діни кітаптарды оқып руханиятын күшейтіп, басқаларға да насихатталса екен деген мақсатта жамағат игілігіне тарту етілді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



24 Қараша 2025
3 Джумада-сани 1447

