Қайырымдылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Ол – ізгіліктің, таза ниет пен адамгершіліктің көрінісі, адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қолдауының айғағы. Қайырымдылық жасау – әрбір адамның қолынан келетін ізгі амал.
Осы игі дәстүрді жалғастырып келе жатқан Қордай ауданының аудандық «Қордай» мешіті жанындағы «Дәстүр» қайырымдылық мекемесі мұқтаж жандарға қолдау көрсету ісінде өз үлесін аяған жоқ.
Қайырымдылық мекемесі ірі қара етінен дайындалған көмекті жеті отбасыға таратып, олардың қуанышына себепкер болды. Барша мұсылманның садақалары қабыл болып, мұқтаж жандар елімізде болмағай!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызмет



24 Қараша 2025
3 Джумада-сани 1447

