Қордай: Дүнген ұлтынан екі азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

Қордай: Дүнген ұлтынан екі азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отанға деген сүйіспеншілік – халық игілігіндегі мүлікке ұқыптылықпен қарау, кісі ақысын жемеу және ел мүддесі үшін бірлікпен еңбек ете білуді талап ететін асыл қасиет. Ислам ғалымдары: «Ислам шариғаты әрбір мұсылманға Отанын кез келген қауіп-қатерден қорғауды міндеттейді. Кім бұл міндеттен қашса, дініне де, Отанына да қиянат жасаған болып саналады», – деп атап көрсеткен.

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Хамид бин Бадый» мешітінің имамы Паншаров Губар және мешіт жамағаты Сортөбе ауыл әкімдігімен бірлесе отырып, өз еріктерімен әскерге аттанған дүнген ұлтынан екі жас жігітке ақ батасын беріп, шығарып салу рәсімін өткізді. Елін сүйген, ерлік жолын таңдаған осындай батыл азаматтарымыз көбейе берсін!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: