Меркі ауданы, Тәтті ауылы азаматтарының бастамасымен табиғатты көркейтуге бағытталған сауапты іс жүзеге асты. Қоршаған ортаны қорғау және елді мекен аумағын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған акция аясында барлығы 100 түп ағаш, оның ішінде 30 түп аққайың, 70 түп қарағаш отырғызылды.
Игі шараға мешіт имамы, жамағат жастары мен ерікті азаматтар белсенді түрде атсалысты. Ағаш егу — табиғатты абаттандыру ғана емес, Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде дәріптелген сауапты амалдардың бірі. Осыны негізге алған мешіт жамағаты айналаны көріктендіру арқылы қоғамға пайдалы іс жасауды мақсат тұтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

