Мойынқұм аудандық "Мойынқұм" мешітінде отбасы құндылықтарына арналған әсерлі уағыз өтті. Уағызды ауданның бас имамы Ержан Көшкімбаев жүргізіп, отбасындағы өзара сыйластық, мейірім мен жауапкершілік жайында терең ой қозғады.
Имамның айтуынша, отбасы – қоғамның алтын діңгегі, ал ата-ана мен бала арасындағы сенім мен махаббат – ұлттың болашағын айқындайтын басты құндылық.
Ислам және отбасы құндылықтары жылы аясында өткен кездесуде мешітке жиналған жамағат өкілдері имамға өз сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

