Мойынқұм аудандық "Мойынқұм" мешітінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында дәріс өтті.
Шара барысында ауданның бас имамы Ержан Көшкімбаев «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисті тілге тиек етіп, әрбір мұсылманның міндеті – қоршаған орта мен қоғам тазалығын сақтау екенін атап өтті. Имамның айтуынша, экологиялық мәдениет – тек табиғатты қорғау ғана емес, адам рухының тазалығын да айқындайды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

