Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Есеналиев Еламан имамдарға «Исламдағы уақып» тақырыбында семинар өткізді. Шараның мақсаты – уақып (қор) ұғымының мәнін түсіндіру, оның қоғамдағы рөлі мен қазіргі таңда дін мен қоғам игілігі үшін атқаратын маңызын насихаттау болды.
Семинар барысында Еламан ұстаз уақыптың шариғаттағы орны мен маңызына тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта осы «Уақып» қорының істеп жатқан жобалары мен мақсаттары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіді. Білім мен қайырымдылық саласын дамытудағы үлесі жайында нақты мысалдар келтірілді.
Жиын соңында қатысушылар уақып жүйесін қазіргі қоғамда тиімді қолдану жолдары туралы пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

