Мойынқұм аудандық әкімшілігінде маңызды жиын өтті. Шараның басты мақсаты – қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, дін атын жамылған теріс ағымдардың алдын алу.
Жиынға қатысқан ауданның бас имамы Ержан Көшкімбаев тұрғындарға экстремизмнің қоғамға тигізер зардабы жайлы жан-жақты түсіндіріп, оның алдын алу мен сақтану жолдарына тоқталды. Имамның айтуынша, рухани сауаттылық – кез келген теріс идеологияға қарсы ең қуатты қару.
Кездесуге жиналған қызметкерлер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

