Тараз: "Мырқалық қажы" мешітінің молдасы “Құрметті ардагері” төсбелгісімен марапатталды

Тараз: "Мырқалық қажы" мешітінің молдасы “Құрметті ардагері” төсбелгісімен марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласында дін мен руханият саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан Мырқалық қажы мешітінің молдасы Зайнутдинов Абдурахим “Тараз қаласының Құрметті ардагері” төсбелгісімен марапатталды.

   Бұл марапат - қаламыздың рухани өміріне елеулі үлес қосып жүрген, ел бірлігі мен татулығын насихаттап келе жатқан ардақты дін қызметкерінің еңбегіне берілген лайықты құрмет.

   Абдурахим Зайнутдинов бірнеше жылдан бері имандылық пен ізгілік құндылықтарын дәріптеп, жастарға тәлім - тәрбие беріп келеді. Оның бастамасымен мешіт жамағаты арасында көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету, жетім - жесірлерге жәрдем беру, қоғамда ізгі істерді арттыру бағытында көптеген игі шаралар ұйымдастырылып келеді.

  Молда Зайнутдинов Абдурахим қаламыздың рухани тірегіне айналған мешіт қызметін жаңа деңгейге көтеріп, имандылық пен адамгершілік құндылықтарын насихаттауда зор еңбек сіңіріп келеді. Оның ұстамдылығы, көрегендігі мен ізгілікке толы өмір жолы жастарға өнеге болып отыр.

   Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген қала өкілдері Абдурахим Зайнутдиновтың дін мен қоғам арасындағы алтын көпір ретіндегі еңбегін ерекше атап өтіп, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және жаңа жетістіктер тіледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: