«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында Сарыкемер ауылының ішін тазарту жұмыстарына ат салысты.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырды. Сондай-ақ, тазалық жұмысына атсалысқан мешіт қызметкерлері мен еріктілерге алғысын білдірді.



16 Қараша 2025
25 Джумада-авваль 1447

