Жамбыл облысы Байзақ ауданы Диқан ауылы «Диқан» мешітінің имамы Досмырза Алашбаевтың ұйымдастыруымен әрі ауыл жастарының ұйытқы болуымен 65 отбасыға екі қап жуадан таратып, 3 отбасыға бір қойдың еті үлестіріліп берілді. Қайырымдылықтың мақсаты жоқ-жітікті қуанту, қазақ дәстүрін насихаттау және кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болу.
Қайырымдылыққа жалпы 260 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалды.



16 Қараша 2025
25 Джумада-авваль 1447

