Мойынқұм ауданындағы «Мойынқұм» мешітінде уақып тақырыбында түсіндіру жиыны өтті. Шараны мешіттің бас имамы Көшкімбай Ержан жүргізіп, жамағатқа уақыптың мәні мен маңызы туралы кеңінен түсіндірді.
Имамның айтуынша, уақып — қоғам игілігі үшін мүлікті, қаражатты немесе басқа да игіліктерді тұрақты түрде қайырлы іске арнау. Бұл — мұсылман қоғамының бірлігін нығайтып, игі істердің жалғасын қамтамасыз ететін маңызды амал.
Жиын барысында имам Көкімбай Ержан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өнегелі өмірінен мысал келтіріп, уақыптың діни және рухани тұрғыдан қаншалықты сауапты іс екенін атап өтті. Сонымен қатар, мешіт тарапынан уақып ісін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Шара соңында жамағат имамға алғыстарын білдіріп, уақып туралы өз ойларымен бөлісті.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.



14 Қараша 2025
23 Джумада-авваль 1447

