#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде пәтуа сағаты өтті

#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданының орталығындағы «Мойынқұм» мешітінің имамы Көшкімбай Ержанның ұйымдастыруымен пәтуа сағаты өтті. Шараның мақсаты – жамағатқа діни білімді тереңдетіп, шариғат талаптарына сай өмір сүрудің маңызын түсіндіру.

Пәтуа сағаты барысында имам қатысушылардың түрлі діни сұрақтарына жауап беріп, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты түсіндірмелер жасады. Сонымен қатар, дін мен дәстүр сабақтастығы, отбасындағы рухани тәрбие және жастардың имандылыққа бет бұруы жөнінде маңызды ойлар айтылды.

Жиын соңында жамағат имамға алғысын білдіріп, мұндай кездесулердің жиі өткізіліп тұруының маңыздылығын атап өтті.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: