«Мойынқұм» аудандық мешітінің наиб имамы Тұратбек Бердіхожаев жамағатпен кездесу өткізіп, уақыптың мәні мен маңызы туралы тағылымды әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында наиб имам уақыптың исламдағы орнына тоқталып, оның қоғамның әлеуметтік және рухани дамуына қосатын үлесін түсіндірді. Сондай-ақ, уақып арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсету, білім мен мәдениетті қолдау сияқты игі істердің өріс алатынын атап өтті.
Жиынға қатысушылар тақырып бойынша сұрақтар қойып, пайдалы мәліметтер алды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Қараша 2025
23 Джумада-авваль 1447

