Расында, адамның ең жақсысы – өзге адамдарға пайдасы тигені, ал амалдардың ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі – адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы әйел-қыздар секторының жетекшісі Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен Рамазан айына дайындық ретінде «Жұмадал әууәл» марафоны бастау алды. Қыз-келіншектер арасында жүзеге асып жатқан бұл игі бастамада күн сайын түрлі рухани әрі ізгі істерге бағытталған тапсырмалар беріледі. Барша қатысушы нәзік жандылардың амалдары қабыл болып, ниеттері берік, имандары кемел болғай!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



14 Қараша 2025
23 Джумада-авваль 1447

