Меркі: Мешіт жамағатына «Дін мен дәстүр» тақырыбында насихат айтылды

Меркі: Мешіт жамағатына «Дін мен дәстүр» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талдыбұлақ ауылы «Шәкір» мешітінде жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды насихат айтылды. Жиынды мешіттің имамы Жабыкбайев Еркебұлан  жүргізіп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен ислам дінінің өзара үйлесімділігі туралы кеңінен түсіндірме жасады.

Насихат барысында имам қазақы тәрбиенің қайнар көзі – иман, әдеп, ынсап, ұят, қайырымдылық және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды қасиеттердің ислам дінімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Сонымен бірге, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы дінді дәстүрімен сабақтастыра сақтап келгенін, сол арқылы рухани тұтастық пен ұлт бірлігін қалыптастырғанын жеткізді.

Мешіт тарапынан осындай рухани ағартушылық шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: