Меркі: Аудандық мешітте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді

Меркі: Аудандық мешітте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін аудандық «Меркі ата» мешіт ұжымы мен жамағатының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» атты экологиялық игі іс-шарасы өткізілді. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғауға шақыру, мешіт аумағы мен айналасын тазалап, жамағат арасында табиғатқа жанашырлық мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шараға ауданның мешіт имамдары және ерікті жамағат мүшелері белсене қатысты. Акция аясында мешіттің ауласы мен бақшасы тазартылып, қоқыстар сұрыпталып жиналды, ағаштар мен жас көшеттерге күтім жасалды.

Аудандық мешіт алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» бастамасын тұрақты түрде жалғастырып, қоғамды экологиялық мәдениетке үндейтін іс-шараларды жандандыра бермек.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бапсасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: