Мойынқұм ауданының Бірлік ауылындағы «Досекеұлы Абсат» мешітінің имамы Рақымбай Түсіпов ауылдың қыз-келіншектеріне арнап «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Шара барысында имам әйел адамның қоғамдағы, отбасындағы орны мен жауапкершілігі жайында кеңінен баяндап, исламдағы инабаттылық, мейірім мен тәрбие құндылықтарына тоқталды. Сонымен қатар, ұлттық дәстүріміздің дінмен үйлесімді тұстарын түсіндіріп, жас аналар мен болашақ келіндерге өнегелі сөздер айтты.
Қатысушылар уағыздан рухани әсер алып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Мұндай кездесулер ауыл әйелдерінің имандылыққа, бірлікке және өзара сыйластыққа ұмтылысын арттыруда маңызды рөл атқарады.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


11 Қараша 2025
20 Джумада-авваль 1447

