#Мойынқұм: Шығанақ ауылында «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз өткізілді

#Мойынқұм: Шығанақ ауылында «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудана қарасты Шығанақ ауылдық «Досекеұлы Рақымбай» мешітінде имам Рақымбай Түсіпов ауыл жастарына арналған «Дін мен дәстүр» тақырыбында мәнді уағыз айтты.

Уағыз барысында имам халқымыздың бай салт-дәстүрі мен ислам дінінің өзара сабақтастығын түсіндіріп, имандылық пен адамгершіліктің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, жастарды ұлттық құндылықтарды сақтауға, ата-ананы құрметтеуге және қоғамда ізгілік орнатуға шақырды.

Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары уағыздан рухани әсер алып, имамға ризашылықтарын білдірді. Мұндай іс-шаралар ауыл жастарының рухани дүниетанымын кеңейтіп, бірлік пен татулықты нығайтуға ықпал етуде.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: