Шығанақ ауылындағы спорт кешенінде ер балалар мен қыз балалар арасында күрес және басқа да ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – ауыл жастарын салауатты өмір салтына баулу, достық пен ынтымақты нығайту болды.
Жарысқа ауылдың жас спортшылары белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар күрес, арқанға өрмелеу, қол күрес сияқты ұлттық ойындарда бақ сынады.
Іс-шара аталмыш ауылдың «Досекеұлы Абсат» мешітінің имамы Рақымбай Түсіповтың бастамасымен және жергілікті жамағаттың қолдауымен ұйымдастырылды. Имам өз сөзінде спорттың денсаулық пен рухани тәрбиеге тигізер пайдасына тоқталып, жастарға ізгі тілегін білдірді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



11 Ноябрь 2025
20 Джумада-авваль 1447

