Мойынқұм ауданының Қарабөгет ауылындағы «Қарабөгет» мешітінде ауыл имамы Арсен Құлтаев жамағатқа арнап «Дін мен дәстүр» тақырыбында мазмұнды уағыз айтты.
Уағыз барысында имам халқымыздың бай рухани мұрасы мен ислам құндылықтарының сабақтастығына тоқталып, салт-дәстүр мен діннің өзара үндестігін түсіндірді. Сондай-ақ, жастарды ата-баба жолын ұстануға, имандылық пен ізгілікке тәрбиелеудің маңызын атап өтті.
Жамағат тарапынан үлкен қызығушылық танытылып, уағыз соңында имам қойылған сұрақтарға жауап беріп, жиналғандарға ақ батасын берді.



11 Қараша 2025
20 Джумада-авваль 1447

