ҚОРДАЙДА ЖАС ҚАРИ ҰМРА САПАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚОРДАЙДА ЖАС ҚАРИ ҰМРА САПАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 

Қордай ауданында Қордай қарилар курсында тәлім алып жүрген шәкірт қасиетті Құран кәрімді толық жаттап, қари атанды.

Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанов арнайы қатысып, жұма намазында жамағатқа жас қариды таныстырды.

Сондай-ақ, Қордай ауданының бас имамы, қари Әлімұхаммед Егізбаев қарилықтың мәртебесі мен қасиетті Құранды жаттаудың сауаптылығы туралы насихат айтып, жиналған ақсақалдар жас қаридың батасын берді.

2023–2025 жылдар аралығында Құранды толық жаттаған Ақылбек Абдуалиге Ұмра сапарына жолдама сертификаты табысталды. Марапатты облыстың бас имамы Асқар Зәкіржанов салтанатты түрде табыстап,  жылы лебізін білдірді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: