Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде аудан бас имамы Тұрдыбайұлы Есет жамағатқа «АЛЛАНЫҢ ҚҰЗЫРЫНДА ЕҢ АРДАҚТЫ ІС – ТАҚУАЛЫҚ» тақырыбы бойынша тағылымды жұма уағыз-насихат айтты.
"Қадірлі жамағат! Тақуалық – мұсылманның иманының өзегі, жүрегінің нұры. Тақуа адам Алладан қорқып, күнәдан сақтанады, әр ісінде Раббысының разылығын іздейді. Кімде-кім Алладан шынайы қорықса, Алла оның ісін жеңілдетіп, тығырықтан шығатын жол ашады, күтпеген жерден ризық нәсіп етеді. Нағыз абырой – мал-мүлікте емес, тақуалықта. Нағыз байлық – жүректегі тыныштық пен имандылықта. Алла Тағала баршамызды жүрегі таза, салиқалы, тақуа құлдарының қатарына қоссын!" - деп Есет Тұрдыбайұлы түйіндеп жеткізді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


04 Қараша 2025
13 Джумада-авваль 1447

