Жуалы аудан имамы «Алатау» мешітіне арнайы барды. Ауданының бас имамы Тұрдыбайұлы Есет және Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы КММ»-нің Жуалы ауданы бойынша инспекторы Маратбекұлы Рамазан, Қызыларық ауылдық округінің ауыл әкімі Марат Сайлауұлы Қасымбеков мешіттің жағдайын көрді.
Зерделеу барысында Есет Тұрдыбайұлы мешіт бейнебақылау камерасы, мешіттің жылу жүйесі жұмысын көрді. ҚМДБ бекіткен әдебиеттер тізбегі сараланды., Мешіт асханасы құрылысымен танысты. Аудан имамы мешіт асханасының құрылысын жүргізіп жатқан барша бауырларымызға дұға жасап, отбасыларына амандық, кәсіптеріне береке тіледі.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



04 Қараша 2025
13 Джумада-авваль 1447

