Қордай ауданына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанов іссапармен барып, Қордай аудандық мешітінде жұма намазын өткізді.
Жұма уағызында бас имам жамағатты ізгілік пен бірлікке шақырып, мұсылманның қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі жайында насихат айтты. Сонымен қатар, жамағатқа дін мен дәстүр сабақтастығын сақтау, имандылық пен отбасы құндылықтарын дәріптеу жөнінде өнегелі ойлар жеткізді.
Сапар барысында Асқар Зәкіржанов мешіт имамдарымен кездесіп, уағыз-насихат және жамағатпен байланыс бағытындағы жұмыстарды талқылады.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



08 Желтоқсан 2025
17 Джумада-сани 1447

