Аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлы Жуалы ауданына қарасты имам-молдаларға кезекті жиналыс өткізді. Жиында алда атқарылатын іс-шаралар талқыланды.
Ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы ауыл имам-молдаларына облыстан берілген тапсырмаларды түсіндіріп, бірқатар жұмыстар жүктеді. Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бес бағыты жан-жақты пысықталып, діни қызметтің сапасын арттыру, бірізділік пен жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



01 Мамыр 2026
14 Зуль-каада 1447

